Қостанай, Солтүтік Қазақстанда боран ссоғып, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қалың тұман түседі
Қостанай, Солтүтік Қазақстанда боран ссоғып, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қалың тұман түседі
Фото: Айтжан Мұрзанов
482
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігі циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады.
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Оңтүстікте тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейеді деп күтілуде. Оңтүстікте желдің екпіні 30 м/с-ден асады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні кей 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан, Кызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүтік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қалың тұман түседі.