Биыл ішімдіктен 23 адам қайтыс болған
Биыл ішімдіктен 23 адам қайтыс болған
231
оқылды

Жыл басынан Алматыда ішімдіктен 23 адам уланып, көз жұмған.

Мұндай мағлұматты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитеті жариялады. Комитеттің жетекшісі Айзат Молдағасымова хабарлағандай, Жаңа жыл алдында дүкендердегі алкогольді ішімдіктерді тексеріс барысында 21 сынаманың екеуі стандартқа сәйкес келмеген.

"2019 жылы Алматыда алкогольден 23 адам қайтыс болды. Негізінен олар созылмалы алкогольге тәуелділіктен зардап шегккен жандар. Алайда олар көбіне сапасы төмен өнімді тұтынатындықтан да ажал құшуы мүмкіндігі басым" дейді ол.

Оның мәлімдеуінше, биылдың өзінде темекі қоспасынан уланған 48 адам тіркелген. Оның төртеуі 10 мен 15 жас аралығындағы жастар. Тіпті, өткен жылы бір адам темекіден уланып, қайтыс болған екен.