Астана EХРО — 2017 ұлттық компаниясының атауы өзгерді
Астана EХРО — 2017 ұлттық компаниясының атауы өзгерді
236
оқылды

Үкіметтің № 955 қаулысына сәйкес (20.12.2019 ж.) «Астана ЕХРО — 2017» ұлттық компаниясының атауы QazExpoCongress ұлттық компаниясы болып өзгеріп, 100% мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқы Сауда және интеграция министрлігіне өтеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

QazExpoCongressке маңызды мемлекеттік және квазимемлекеттік халықаралық сауда-экономикалық іс-шараларын жүргізу бойынша «Бірыңғай оператордың» өкілеттігі беріледі. Құзыреттердің шоғырлануы стандарттар мен тәсілдерді (бірыңғай тұжырымдама, фирмалық стиль мен ұлттық нақышты) біріздендіру, бірыңғай институтционалдық жадынаманы құру арқылы қазақстандық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бірыңғай оператордың «толық дайын» іс-шараларды ұйымдастыруы Қазақстанның сауда-экономикалық мүдделерін қорғауға және бастамаларын ілгерілетуге мемлекеттік органдарды «қайта бағдарлауға» әсерін тигізеді», делінген хабарламада.