26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
125
оқылды

Кей өңірде тұман болып, жаяу бұрқасын, жел, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облысында тұман болып, жаяу бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Атырау, Шығыс Қазақстан облысында боран соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысында -26 градус аяз болуы мүмкін.