Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері де жиынға қатысты. Бұл туралы Olympic.kz жазды.
БҰҰ резолюциясы, Токио және Бейжің Олимпиадасы туралы талқылады. Томас Бахтың айтуынша, Токио Олимпиадасынан кейін 6 айдан соң қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Мұндай жайт тарихта алғаш рет болып отыр. ХОК екі ірі спорттық іс-шараға дайындалып жатыр.«Олимпиада ойындары мен барлық жарыстар және іс-шаралар жоспарланған уақытында өтеді. Жапония Олимпиаданы өткізуге дайын. Сондай-ақ елдегі саяси пікірталастарға қарамастан, Қытай да қысқы ойындарды өткізуге әзір», – деді Томас Бах.
Пандемияға байланысты Олимпиада кезінде санитарлық талаптарды сақтау мәселесін жарысқа қатысатын елдер бірлесіп шешуге уағдаласты.