Головкин мен 22 нокауты бар жеңілмеген чемпион арасында жекпе-жек өткізу ұсынылды
Головкин мен 22 нокауты бар жеңілмеген чемпион арасында жекпе-жек өткізу ұсынылды
5,211
оқылды

Америкалық орта салмақта жұдырықтасады.

Америкалық The Athletic журналисті әрі инсайдері Майк Коппинджер орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) кім лайықты қарсылас бола алатынын пайымдады, – деп жазады Vesti.kz.
Осылайша, инсайдердің таңдауы орта дивизионда WBC титулына ие америкалық Джермалла Чарлоға (30-0, 22 КО) түсті.
«Джермалл Чарло мен GGG жекпе-жегін тамашалағым келеді», – деп жазыпты Коппинджер в твиттер желісінде.
Алайда америкалық пен қазақстандықтың жекпе-жегіне тележелілердің бөлектігі бөгет болуы мүмкін. Өйткені Чарло Fox және Showtime арналарындағы Premier Boxing Champions шоу аясында өнер көрсетсе, Головкинде DAZN стриминг қызметімен келісімшарты бар.