Өткен жылы мемлекеттік қызметшілер саны 10 пайызға қысқарғанын ел жақсы біледі. Жолдау жүктеген міндет бойынша 1-ақпаннан бастап 15 пайыздық қысқарту жүруі тиіс. Бұлардың санатына кімдер кіреді? Қысқарту қашан басталмақ?
Қысқартуға кім ілікпейді?
Аталған мәселеге қатысты жыл басында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованы қабылдады. Кездесуде агенттік төрайымы ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға, Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша жүргізілетін жұмыстарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарған жұмыстарды баяндаған. Оның сөзіне сүйенсек, былтыр агенттіктің штаты 10 пайызға қысқарған, ал биылғы ақпан айының соңына дейін тағы да 15 пайызға оңтайландырылмақ. Қысқарту шаралары кезінде мемелекеттік қызметкерлердің құқығы толықтай қорғалады. Елімізде мемлекеттiк қызметшiлердің сaны шамaмен 97 мың болса, бұл экономикалық белсенді халықтың 1,1 пайызы. Қысқарту көмекшi қызметтердiң лауaзымдарын қaйта қарау және морaторий жaриялау, сондaй-ақ aвтоматтандырылған жүйелeрмен алмaстырылатын лaуазымдарды зерделеу aрқылы қызмeткeрлердiң зейнеткерлiк жaсына жеткеннен кейiн ұзaртылатын вaкансиялар және әлеуеттi бoс жұмыс орындары есебiнен жүргізіледі деп күтілуде. Ал Еңбек кодексіне сәйкес, бірқатар санаттағы азаматтар қысқартуға жатпайды. Олар – жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгi балалары бaр aналар, жaлғызбaсты aналар, балалaрды aнасыз тәрбиeлеп oтырған өзгe де азаматтар және кемiнде зейнеткe шығуға екi жыл қaлған қызметкерлер. Егер қызметкердiң лaуазымы қысқартылған жағдайда ол мемлекеттік қызметте 3 жыл жұмыс iстеген болса, оғaн 4 ортaша aйлық жaлақы көлемінде төленеді.307 бос орын 15 пайызды толтыра ала ма?
Бұл – жалпы еліміз бойынша белгіленген талап. Ал Жамбыл облысында жағдай қандай? Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанханның айтуынша, өңірде мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 4 964 бірлік болса, биылға 38 маман қысқарып отыр екен. Аталған қысқару аумақтық органдардың штат санының қысқаруы мен жергілікті атқарушы органдардағы ветеринариялық функциялардың орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелеріне ауысуынан болыпты. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 4 657 бірлікке тұрақтап, бос лауазымдардың үлесі – 307 бірлік немесе 6,1 пайыз. Есепті мерзімде мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 40 жас болса, мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 10 жыл 5 ай болған. Ал нақты лауазымдағы орташа қызмет өтілі 4 жыл 6 айды көрсеткен. Білім деңгейіне келсек, барлық қызметшілердің 91 пайызы (4 238) жоғары білімді мамандар. Оның ішінде 3-еуі «Болашақ» бағдарламасының және 26-сы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері. Мамандар Жолдау жүктеген міндет бойынша былтырғы 10 пайыз қысқарту бос орын мен басқа салаға ауысқан мамандардың есебінен жүргізілгенін айтады. Десе де, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев стратегиялық құжатта көрсетілген мемлекеттік қызметшілерді қысқарту бойынша 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделетінін айтқан. Ал енді биылғы 15 пайыздық қысқартуға кімдер ілінетіні әзірге белгісіз. Себебі жоғары жақтан нақты жоспар мен тапсырма келмеген. Алайда департамент басшысы Шәкір Сұлтанханның сөзіне сенсек, биыл да облыста 307 бос лауазымды орын бар екен. Енді бұл орындар 15 пайызды толтыра ала ма? Бір анығы, қысқартудың қайшысы қайраулы. Енді тек әліптің артын бағу қажет.Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы