«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты

2025 жылды қасиетті жерден бастағанына қуанышты екенін жеткізді.

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде Қажылықтан кейінгі әсері жайлы ой бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі араға 16 жыл салып,  қасиетті мекенге қайта барғанын айтады.

«Қасиетті жерге алғаш 2007 жылы келген едік. Екінші ұлыма Имашыма 3 айлық аяғым ауыр болатын. Тұңғышымыздан кейін сегіз жыл бала тұрмай, сол жылы Бекболатымыз бір қауіптен аман қалып, әкемнен айырылып жан дүнием боп-бос болып, әбіржіген кез еді. Ұлық Алла өзі шақырғандай жолымыз түседі. Алғаш аль-Харамға қадам басып, қағбаны көзіммен көрген кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әкем тіріліп келетіндей еңірегенім әлі есімде. Бұл қасиетті жерде көзіңе жас алмау тіпті де мүмкін емес. Жүрек көзің ашылатыны сондай, өзіңнің шынайы табиғатыңды, қайдан келіп, қайда баратыныңды терең сезінесің. Күнделікті тірлікте тағып жүрген түрлі маскаларың шешіледі. Қысқасы, өз пенделік ақиқатыңды білесің… Міне, Алланың қалауымен 16 жылдан кейін бала-шағамызбен келіп, кіші қажылықты өтедік. Шүкір. Енді Үлкен қажылыққа келу бұйырсын. 2025 жылдың басын қасиетті жерден бастағанымызға қуаныштымыз. Алла қабыл еткендерден болайық!» - деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.