Коронавирусқа қатысты шындықты жасырған қытайлық бір жылға сотталды
Коронавирусқа қатысты шындықты жасырған қытайлық бір жылға сотталды
211
оқылды
Қытайға ұшар алдында коронавирустың белгілерін жасырған халықаралық әуе рейсінің жолаушысы бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Бейжің қаласының аудандық соты. Сот үкімінде 37 жастағы жолаушының әрекеті ҚХР санитарлық-эпидемиологиялық ережелерін бұзып, вирустың таралу қаупін тудырған, осылайша жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуге кедергі келтіретін қылмыс жасады деп жазылған. 2020 жылдың наурыз айында 37 жастағы жолаушы әйел АҚШ-тан Қытайға халықаралық рейске шықпас бұрын вирус белгілерін, атап айтқанда дене қызуының жоғары болғанын жасыру үшін қызу түсіретін дәрі ішкен. Бейжің халықаралық әуежайына келгеннен кейін оның коронавирус жұқтырғаны анықталды және онымен тығыз байланыста болған 60-тан астам адам карантинге жіберілді. Соңғы ресми мәліметке сәйкес, ҚХР-да коронавирусқа шалдыққандардың 92,72% емделген.