Қытайда тараған коронавирустан Бейжіңде 1 адам қайтыс болды
Қытайда тараған коронавирустан Бейжіңде 1 адам қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
424
оқылды
Қытайдың астанасында коронавирустан бір адам қайтыс болды, – деп жазады 24.kz. Қаңтар айының басында Ухань қаласына барып, қайтқан 50 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Бұл жайт Бейжіңде бірінші рет тіркеліп отыр.
Бірақ жалпы Қытай бойынша, соңғы мәліметтерге қарағанда, осы күнге дейін коронавирустан 81 адам көз жұмып, 3 мыңға жуық тұрғын дертке шалдыққан.
Ухань қаласының басшысы дертті жұқтырғандардың саны арта түсетінінен қауіптеніп отыр. Себебі, 11 миллион халқы бар қала карантинге жабылғанға дейін одан 5 миллионға жуық адам шығып кеткен.