ASHYQ қосымшасы жолыңызды ашады
ASHYQ  қосымшасы жолыңызды ашады
180
оқылды

Цифрлық даму, инно­ва­циялар және аэро­ғарыш өнер­кәсібі министрлігі мен Ден­саулық сақтау минис­трлігі Ashyq қосымшасын әзірледі. Аталған ми­нистр­ліктер бұл қосым­шаның «Ата­мекен» ұлттық кәсіп­керлер пала­та­сымен бірлесіп, ка­рантин ке­­зеңінде қыз­меті шектелген spa-орталықтар, фитнес ор­та­­лықтар мен ки­нотеатрларда пилоттық жоба ретінде сы­нақтан өткізіп жатыр.

Енді осы орындарға барғандар арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдар­лама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл мәртебе­лерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көр­сетеді. Қы­зыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаторлық бақы­лаудағы адам­дар үшін үйде оқ­шаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді. Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәрі­ханаларға баруға рұқсат етіледі. Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеу жоқ. Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеу жоғын білдіреді. Қосымшаның деректер қо­рында пайдаланушы COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР тес­тілеуден өткен адам ретінде көр­сетілген. Аталған мәртебені көр­сету биз­неске өз қызметін жал­ғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қо­сымшада үй-жайға кіруді бақы­лайтын қызметкер келушінің мәртебесін ЖСН не­месе жеке куә­­лікте орналасқан штрих-кодты ска­нерлеу арқылы тексере алады. Ashyq мобильді қосымшасы App Store және Play Market-те қолжетімді.