Туыстар кеңседен 1 миллион теңге ұрлаған
Туыстар кеңседен 1 миллион теңге ұрлаған
168
оқылды
Ақмолалық полицейлер екі күдіктіні көп ұзамай ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. ЖШС ғимаратына ұрылар түскені туралы хабар Зеренді АПБ -ге 27 қаңтарда сағат 3:00-де түскен. Белгісіз біреулер терезе арқылы ішке кіріп, бас бухгалтердің кабинетінен 1 миллион теңге ұрлаған.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобымен инспектор - кинолог және  "Зита" есімді қызметтік ит келді.  Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатқанда Зита қылмыскерлердің ізімен №2 мектепке бет алды. Полицейлер мектеп әкімшілігін шақырып, сыртта орналасқан бейнебақылау камерасын тексерді", - делінген хабарламада.
  Белгілі болғандай, 02:47-де маска киген белгісіз екі адам мектеп қасынан жүгіріп өткен. Таңертең 34 және 20 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар кінәларын мойындады. Бәрін бастаған 2006 жылы адам өлтіргені үшін сотты болған 34 жастағы ер адам болып шықты. Ол осы ЖШС-да дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Екінші қаскөй оның балдызы екен.