Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланатынын айтты
Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланатынын айтты
5,181
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», - деп жазды. 

2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған.

Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ.  Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.