БҰҰ бас хатшысы екпе салдырды
БҰҰ бас хатшысы екпе салдырды
238
оқылды
БҰҰ-ның бас хатшысы коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол препараттың алғашқы дозасын Нью-Йорктегі мектептердің бірінде орналасқан вакциналау орталығында алды. Антониу Гуттерриш бұл мүмкіндікке алғашқылардың бірі болып жасы 65-тен асқан азамат ретінде қол жеткізді. Нью-Йоркте егде жастағы тұрғындарға осындай құқық берілген. Сондай-ақ вакциналау жоспарына сәйкес, коронавирусқа қарсы препарат мұғалім, полицей және көлік қызметкерлеріне салынып жатыр. Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы: – Мен Нью-Йорк билігіне, медицина қызметкерлері мен осы мектеп басшылығына алғыс айтамын. Өзгелерді де мүмкіндігін жіберіп алмай, екпе салдыруға шақырамын,– БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш. Бұған дейін БҰҰ-ның бас хатшысы Оксфам бірлестігінің баяндамасын жария еткен болатын. Оған сәйкес, әлемнің ең ауқатты 10 миллиардерінің ақшасы бүкіл әлемдегі вакциналауды қаржыландыруға жетеді екен.