Қытайда 227 млн доллар пара алған банкир өлім жазасына кесілді
Қытайда 227 млн доллар пара алған банкир өлім жазасына кесілді
5,180
оқылды
Қытайда партиялық комитеттің бұрынғы хатшысы және елдегі ең ірі активтерді басқару компаниясының Басқарма төрағасы Лай Сяоминға қатысты өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 29 қаңтарда таңертең Тяньцзинде өлім жазасы орындалды. Бұған дейін Қытайдың Жоғарғы халық соты Лай Сяоминді 1,8 миллиард юань (277 миллион доллар) пара алғаны үшін өлім жазасына кесу туралы бұйрық шығарған. Жоғары дәрежелі банкирдің пара алу және алаяқтық туралы үлкен ісі бүкіл елді дүр сілкіндірді. Жергілікті БАҚ-та Лай Сяоминьдің Пекиндегі пәтерінде "супермаркет"деп аталатын ақшаға толған сейфтер мен шкафтар болған деп хабарлайды. 2018 жылдың күзінде Лай Сяоминь партиялық тәртіп пен заңнаманы бұзғаны үшін партиядан шығарылған.