Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматы маңындағы апатта қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Ол Twitter-дегі парақшасында: Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан жолаушылар ұшағы апатында қаза тапқан жандардың отбасылары мен туыс-туғандарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бүкіл еліміздің сіздермен бірге қабырғасы қайысып отыр. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, — деп жазды.