Мәжіліс депутаттары ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, — деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
«Біз апат салдарынан қаза тапқандар туралы хабарды терең қайғы-қасіретпен қабылдадық. Осы қайғылы жағдайға байланысты барлық депутаттардың және өз атымнан қайтыс болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздердің орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтаспыз» делінген жеделхатта.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.