Bek Air ұшағының командирі тірі қалды
Bek Air ұшағының командирі тірі қалды
213
оқылды

Апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясы ұшағының командирі аман қалды. Бұл туралы Liter.kz порталы хабарлайды.

Ұшар алдында ұшақ тексеруден өткен. Жалпы әуелайнер 2013 жылы жаңаланған. Яғни, азаматтық авиацияда мұндай күрделі жөндеуден өткен ұшақты жаңа деп есептейді. Сериялық нөмірі – 11496.

Айта кетейік, Алматы маңында Bek Air әуекомпаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Ресми мәлімет бойынша бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында ұшып, Қызылту ауылы маңында құлаған.