Тәжірибе алмасу жұмысы жанданады
Тәжірибе алмасу жұмысы жанданады
304
оқылды

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың жетекшілігімен Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалында Бас­тауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті.

Айтулы шараға облыстық пар­тия филиалының Саяси кеңес мүшелері, об­лыстық мәс­­­лихат депутаттары, ау­­­мақ­тық партия филиалдары тө­ра­­­ғаларының бірінші орын­ба­сар­лары, бастауыш партия ұйым­да­ры­ның төрағалары, Jas Otan Жастар қа­на­ты­ның бел­сенділері және бұқара­л­ық ақ­парат құралдарының өкіл­де­рі қатысты. Форумда «Пар­тия­ны қайта жандандыру» жұ­мыс­тарының нәтижелерін жә­не аумақтағы бас­тауыш пар­тия ұйым­­дарының партия мү­ше­лері қатарын көбейтудегі, ау­­­диториясын кеңейтудегі ат­қар­ған жұмыстары жөнінде бас­тауыш пар­тия ұйымы төра­ға­ларының есебі тың­дал­ды. Сон­дай-ақ басқосуда ау­мақтық пар­­тия филиалындағы бас­тауыш пар­тия ұйымдарының тө­рағалары мен партиялық кадрлық резервке ірік­теудің пи­лоттық жобасының жайы баян­далды.

Облыстық партия филиа­лы тө­рағасының бірінші орын­ба­­­са­ры Нұрлыбек Ожаев өз ке­­зе­гін­де тә­жіри­бе алмасу жұ­мыс­тарын жан­дан­дыру керегіне тоқ­талып, 2020 жылдың ақ­пан-наурыз айларында бар­лық бастауыш партия ұйым­да­рында партиялық кадрлық ре­зервке іріктеу жұмыстары жүр­гізілетінін ескертті. Осыған орай, барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына жауап­кершілігі жоғары жұ­мыс­ты уа­қытылы әрі сапалы ұйым­дастыруды және пар­тия «қатарын тазарту» іс-шара­ла­рын жедел өткізуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда об­лыс­тық партия филиалына қа­расты отыз бір мың екі жүз жиыр­ма екі (31 222) партия мү­шесін біріктірген 116 бастауыш пар­тия ұйымы бар. Олар­дың бас­ты мақсаты – бастауыш пар­тия ұйымдарының рөлін және бел­сенділігін көтеру, олардың қо­ғамдық-саяси ық­палын күшейту.


Әбілмансұр ЖАСАН