Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың жетекшілігімен Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалында Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті.
Айтулы шараға облыстық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аумақтық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, Jas Otan Жастар қанатының белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Форумда «Партияны қайта жандандыру» жұмыстарының нәтижелерін және аумақтағы бастауыш партия ұйымдарының партия мүшелері қатарын көбейтудегі, аудиториясын кеңейтудегі атқарған жұмыстары жөнінде бастауыш партия ұйымы төрағаларының есебі тыңдалды. Сондай-ақ басқосуда аумақтық партия филиалындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партиялық кадрлық резервке іріктеудің пилоттық жобасының жайы баяндалды.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев өз кезегінде тәжірибе алмасу жұмыстарын жандандыру керегіне тоқталып, 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында барлық бастауыш партия ұйымдарында партиялық кадрлық резервке іріктеу жұмыстары жүргізілетінін ескертті. Осыған орай, барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына жауапкершілігі жоғары жұмысты уақытылы әрі сапалы ұйымдастыруды және партия «қатарын тазарту» іс-шараларын жедел өткізуді тапсырды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстық партия филиалына қарасты отыз бір мың екі жүз жиырма екі (31 222) партия мүшесін біріктірген 116 бастауыш партия ұйымы бар. Олардың басты мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін көтеру, олардың қоғамдық-саяси ықпалын күшейту.
Әбілмансұр ЖАСАН