Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 23:50 шамасында «Қарағанды-Абай» тасжолында BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.

Жолдың қарсы бағытында келе жатқан Chevrolet көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Екінші машинада 4 жолаушы болған.

«Жол-көлік апатынан BMW автокөлігінің жүргізушісі, жолаушысы мен Chevrolet автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Chevrolet-тің 26 жастағы жүргізушісі мен тағы 1 жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Тергеу басталды», – дейді полицейлер.

Бұған дейін Қарағандыда жеңіл көлік пен автобус апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.