Әуе апатынан төрт баланың әкесі көз жұмды
Әуе апатынан төрт баланың әкесі көз жұмды
190
оқылды

Ол отбасының жалғыз асыраушысы болатын.

Әуе апатынан зардап шеккен балалар туралы жазған Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында төрт баланың бір отбасынан екенін, олардың әкесі көз жұмғаны туралы хабарлаған болатын.

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов марқұмның туыстарымен кездесіп, отбасыға көмек көрсететіні туралы айтты.

Бұл жанұя туралы Әсем Жапишева есімді Facebook қолданушысы айтып берді. Әуе апатынан қаза тапқан Абай Нұрбеков оның көршісі екен.

«Оның мәйітін моргтен шығарды. Отбасы туралы ештеңе білмеймін. Балалардың бәрі сонда болды ғой», – деп жазады ол.

Әсем бұл жағдайдан кейін сең соққандай болып жүргенін айтады. Оның айтуынша Абай демалыста отбасын Арқалықта тұратын ата-анасына апару үшін көп уақыт ақша жинапты. Марқұм электрик болып жұмыс істеген.

Ұшақта өзі, әйелі, және төрт баласы болған. Үлкені Мәриям 12 жаста,Ұлдары Әділ 10-да, Әли 8-де, кенжесі Адина 3 жаста екен. Абайдың жерлеу ресімі жақын күндері болады. Нағима апатқа дейін балалармен үйде отырған.