Елордалық белсенділер ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
Елордалық белсенділер ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
182
оқылды

Қаралы жиынға қала тұрғындары да қатысты.

Олар марқұмдардың құрметіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Арнайы акция бұрынғы Оқушылар сарайының алдындағы Арбатта өтті. Шараға  мұрындық болған "Qazaqstan team" еріктілер командасы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғаға байланысты шұғыл кеңес шақырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтқан болатын. Жиынға қатысушылар қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді.