ІІМ ішкі істер органдарының құрметті ардагері Рүстем Қайдаровтың қайғылы қазасын аза тұтуда
ІІМ ішкі істер органдарының құрметті ардагері Рүстем Қайдаровтың қайғылы қазасын аза тұтуда
235
оқылды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы Рүстем Қайдаров болды.

Ішкі істер министрі, сондай-ақ ІІМ-нің жеке құрамы Рүстем Есімханұлының туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

Жеке құрам қаза тапқан ардагерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рүстем Қайдаров - әділет генерал-майоры, қатардағы тергеушіден Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына дейінгі жолдардан өтті.

Рүстем Есімханұлы Қазақстан полициясының қалыптасуы мен дамуына, қылмыспен күреске және құқықтық тәртіпті қорғауға елеулі үлес қосты. Еліміздің әр өңірінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарып жүрген құқық қорғау жүйесінің көптеген қызметкерлерін тәрбиеледі.

«Құрметті демалыста болғанына қарамастан, дәстүрлерді сақтау және дамытуға, қазақстандық полицейлердің жас буынын патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу ісіне үлес қоса отырып, қоғамдық өмірге белсенді қатысуды жалғастырған болатын. ІІМ - нің құрметті ардагері Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың қайғылы қазасы еліміздің барлық құқық қорғау жүйесі үшін орны толмас қаза болып табылады», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.