Осылайша апат кезінде бортта не болғаны анықталмақ.
Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.
«Кеше вице-премьер Роман Скляр Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен әңгімелесті. Бүгін кешке, 18.40-та Мәскеуден сарапшы Алматыға келеді. Жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Борттың өздігінен жазу құралдары алынды. Ертең біз қара жәшіктің шифрларын шешу үшін Мемлекетаралық авиация комитетіне, Мәскеу қаласына жібереміз. Дүйсенбіден бастап жұмыс басталады", - деді Камалиев ОКҚ брифингінде.