Әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты – дәрігер
Әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты – дәрігер
190
оқылды

12 науқастың беті бері қараған.

Бұл туралы Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында өткен баспасөз маслихатында айтылды.

Бас дəрігердің хирургия бойынша орынбасары Оңласын Ибекеновтің   айтуынша, науқастар қажетті көмектің бәрін алуда. Түнде мазасызданбаған. Тәбеттері жақсы. Дәрігерлер кеше балтырына операция жасалған науқасты бүгін жан сақтау бөлімінен шығаруды жоспарлап отыр.Барлық зардап шеккендер мен олардың туыстарымен психологтар жұмыс жасауда.

Психологтар да науқастардың жағдайы тұрақты екенін айтады. Бірақ оларға қазір тыныштық керек. Психолог Ксения Зидинская зардап шеккендер апатты тезірек ұмытуға тырысып жатқанын жеткізді.

« Сондықтан оларға бұл қайғылы жағдайды еске салмау бәріміздің ортақ міндетіміз болуы керек. Мен отандастарымнан түрлі мессенджерлер арқылы апат туралы фото-видеоларды таратпауды өтінем. Қазір бәріміз халық болып жұмылып, апаттан аман қалғандарға бұл қорқынышты жағдайды ұмытуына көмектесуіміз керек», – деді ол.