Жақсылық жасауға жарысқан жастар
Жақсылық жасауға жарысқан жастар
206
оқылды

Ақтөбе  облысы Ойыл ауда­нындағы жасотандықтар, ауыл шаруашылығы колледжінің сту­денттері ауыл ішінде адам­дар­ды тегін тасыды. Бұл ша­раны олар Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына орай «30 игі іс» акциясы аясында қолға алды.

– Ауыл тұрғындары алғысын білдіріп, жастарды қолдайтынын айтты. Осынау қайырымдылық шарасы алдағы уақытта жалғасын табады. Ардагерлерді де назардан тыс қалдырмаймыз. Жалғызбасты қа­риялардың үйін жинап, қарын та­зартып береміз, – деді «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, аудандық жастар ресурстық ор­талығының басшысы Мейрамбек Музамелұлы. Ойыл ауданының жастары Қараой ауылындағы замандастарына эстафета жолдады. Олар таңертең балаларды балабақшаға тасыды. Қараой жастары болса Сарбие ауылындағы замандастарын акция­ны қолдауға шақырды. Айта кетейік, аудандағы игі іс әр ауылды қамтиды.

Әбілмансұр ЖАСАН