Батыс Қазақстаннан басқа барлық өңірде қар жауады
Батыс Қазақстаннан басқа барлық өңірде қар жауады
305
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі.

Қазақстан аумағына Қара теңіз тарапынан жылжыған циклон әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады.

Тек еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болуы да ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, бұрқасын, жолда көктайғақ болады.

Жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде Жармин ауданында екпіні 25 м/с жел соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.