Атырауда қоқыс шығару ақысы 3 есе қымбаттауы мүмкін
Атырауда қоқыс шығару ақысы 3 есе қымбаттауы мүмкін
5,320
оқылды

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасу және көму қызметінің тарифі көтерілуі мүмкін, — деп хабарлайды 24.kz.

Баға қымбаттаған жағдайда көпқабатты үйдің тұрғындары қоқыс шығаруға 1 адам үшін айына 296 теңге 98 тиын, ал жеке тұрғын үй иелері 323 теңге 44  тиын төлейтін болады.

Бұл қазіргі тарифтен 3 есе көп.

«Арнаулы автобаза» серіктестік өкілдерінің айтуынша, бағаны көтеру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, қызметкерлердің жалақысын 10 процентке арттыру және ескірген техниканы жаңасына ауыстыру жұмыстары жүргізілмек.

Қалалық ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Аңсаған Сағынбаева: «Тарифтің көтерілу бағамы бұл — тек ұсыныс, біз тұрғындармен пікір алмаспай, олардың ойын тыңдамай, бірден тариф көтеру бағамын енгізбейміз. Қазірдің өзінде қоғамдық талқылау жұмыстары жүріп жатыр. Әртүрлі әлеуметтік желілердің барлығына осындай ұсыныс, насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осылардың барлығын қорыта келе, тарифтің көтерілуі немесе көтерілмеуі мәслихатта белгілі болады», — деді.