Алматыдағы ұшақ апатынан тірі қалған ұшқыш қамауға алынған жоқ – ресми мәлімет
Алматыдағы ұшақ апатынан тірі қалған ұшқыш қамауға алынған жоқ – ресми мәлімет
5,278
оқылды

Ұшқыш қазір ауруханада жатыр, оған операция жасалды, сондықтан полиция одан әлі түсініктеме алмаған, - деп хабарлады «Sputnik Қазақстан».

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Алматы түбінде құлаған ұшақтың екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қамауға алынған жоқ. Бұған дейін  «Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың екінші ұшқышы қамауға алынды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі таңда ол ауруханада жатыр. Медициналық мекемеде полиция қызметкерлерінің болуы қауіпсіздік шараларымен байланысты. Ішкі істер министрлігі БАҚ және тұрғындарды тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды» делінген министрлік таратқан хабарламада.

Алматыдағы №4 қалалық клинкалық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова екінші ұшқыштың омыртқа жотасына күрделі операция жасалғанын, ол әлі наркозда жатқанын айтты. Науқас ауыр халде жатыр, бірақ жағдайы тұрақты.

Ұшақ апатынан зардап шеккен бортсерік қыз есін жиған. Ол бас-ми жарақатын алған.

Ал қаза тапқан екінші ұшқыш Миржан Молдақұлов 1965 жылы мамырда дүниеге келген. Ол әуеде 11 544 сағат ұшқан. Оның 4144 сағаты Fokker 100 ұшағында өткен.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 27 желтоқсан таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker - 100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.