Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінен ақпараттар қашан жария етілетіндігін мәлімдеді, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Ол қатты бүлінбеген. Сондықтан ондағы жазбалардың мән-жайын тарқатуда мәселе туындамайтындығына үміт артамыз. Мемлекетаралық авиация комитетіндегілер мереке күндері де жұмыс істеп, тарқатылған мән-жайды бізге табыстауға уәде беріп отыр. Бұған дейін айтқанымыздай, 10 қаңтарға дейін тексерудің алдын ала нәтижесін беретін боламыз», — деді Роман Скляр.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшыраған еді.