Nur Otan: Темірлан ауылының тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты
Nur Otan: Темірлан ауылының тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты
203
оқылды

Көпбалалы ана Ақжарқын Сапарымбетова биыл 26 қаңтарда Nur Otan партиясы Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып, жұмыс сұрады.

Nur Otan партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат өтінішпен танысқан соң мәселе оң шешімін тапты. Аудандық мәслихаттың депутаты Абылай Жөргенбай көпбалалы анаға жұмыс тауып берді.

Ақжарқын Сапарымбетова «Аружан» кафесіне аспаз болып жұмысқа қабылданды. Партияға алғыс айтты.