15 мыңнан астам отбасыға қызмет көрсетілген
15 мыңнан астам отбасыға қызмет көрсетілген
5,164
оқылды

Тараз қаласындағы «Ба­қыт­ты отбасы» орталығында «Nur Otan» партиясы Жам­был облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Дауыл Бейсенқұлов көпбалалы аналарды жеке сұрақтары­мен қабыл­дады.

Қабылдауға келгендердің дені әлеуметтік көмек алу, бизнесті қолдау мәселелерін көтерді. Өз кезегінде Дауыл Ынтықбайұлы кездесуде кө­терілген мәселелердің тиісті заңнама шеңберінде шеші­летінін айтып, партия құзыреті шеңберінде олардың нәтижесі басты назарда болатынын жеткізді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары орталықтың жұ­мысымен танысып, ондағы қызмет көрсетушілермен пікір алмасты. Өткен жылдың басында облыс әкімі, «Nur Otan» пар­тиясы Жамбыл облыстық фи­лиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен ашылған орталықта күні бүгінге дейін 4 бағыт бойынша 15 мың­нан астам отбасыға қызмет көрсетілген. Мәселелердің дені орталықта қабылдау жүргізілген түрлі деңгейдегі бірінші бас­шылардың назарына ұсы­нылған.

Әбілмансұр ЖАСАН