Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті. Мемлекет басшылары Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.