Шымкентте автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Шымкентте автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Компания басшысы Азат Сахатұлының айтуынша, жүргізушілердің айлығы алғашқы кезде 130 мың теңге,  кейін 155 мың теңгеге дейін өскен екен.

Қазіргі таңда компания басшылығы мен жүргізушілер арасында екіжақты келіссөздер жүргізілуде. Қоғамдық көлік жұмысы қайта қалпына келтіріледі дейді ол. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Төлем» жүйесі енгізілген. Бірақ жүйе енгізілгеннен бастап көліктерге қойылған валидаторлардың түрлі себептермен істен шығуы тұрғындардың наразылығын тудырып жүрген болатын. Жуырда қала әкімдігі 1 ақпаннан бастап «Төлем» жүйесі істен шыққан жағдайда қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсететінін хабарлаған-ды.

Автобус жүргізушілерінің бүгінгі қиғылығына осы жайт та себепші болуы мүмкін.

Назгүл НАЗАРБЕК