Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Отметка» төлеуден шаршаған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

Алматы облысы Қаскелең автопаркінің жүргізушілері жолаушы тасымалдаудан бас тартып, жұмысқа шықпай қойды.

Нұрбек БАҚЫТ
Тамыз 14, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
Қаскелең, Барлық, автобус, жүргізуші, Қалқаман

Фото: Almaty.tv

56
қаралым

 

Себебі 30-ға жуық автобус жүргізушісі мардымсыз жалақы, есебі жоқ  төлемдерден шаршаған, – деп хабаралайды Almaty.tv.

Тілші облысқа барып, мәселенің мән-жайын зерттеп келген. Оның айтуынша, кеше жүздеген облыс тұрғынының қалаға қатынуы қиындады. Көбісіне таксиге мінуге тура келді. Алматы – Қаскелең тас жолында қалаға қарай қол көтерген адамдар көбейген. Әдетте бұл жолаушылар 23 және 78- бағыттағы автобуспен діттеген жерлеріне жететін. Алайда аталған қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан түбегейлі бас тартты. Олар айлықтарының негізсіз қысқарғанын айтады. 9 сағаттық жұмысымыз 13-14 сағатқа дейін созылады дейді.

Жүргізушілерге жеңілдік берілді

Алматыда автобус қаққан әйел қайтыс болды

Елордада алдағы жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді

Жүргізушілер жолдағы әр қимылымыз үшін ақша береміз дейді. «Барлық» базарына кіріп-шыққан 200 теңге екен. Диспетчерлерге тағы тиын беруі қажет. Тіпті, айтуларынша, автобустың кейбір бөлшектерін де өздері сатып алады.

«500 теңге отырған диспетчерге береміз. Қоқысқа шейін төлейді жігіттер. Өз қалталарынан төлейді. Күніне бәрібір автобустар 7-8 шығыны кетеді. Мына жерде Қалқаман деген тұр. Ол жерде тағы «отметка» береді. Өтініш, ұстасын. Біз неге қалтамыздан береміз деп отыр ғой жігіттер», – деді қоғамдық көлік жүргізушісі Сейітбек Иманқұлов.

Ал, автопарк әкімшілігі бұл жайтты жоққа шығарды. Сонымен қатар, жүргізушілердің айлығы кесілмеді деп сендірді. Бірақ пандемия мен елде енгізілген карантин қаржылық жағдайға біраз өзгеріс әкелгенін айтады. Сондықтан сыйақыдан үнемдеуге тура келеді дейді. Оның үстіне жолаушылар саны азайған-мыс.

«Қаскелең автопаркі» ЖШС директорының міндетін атқарушы Арыстан Мананов: «Бұрын айтып отырмын ғой, күніне 900-1000 адамды таситын болса, қазір орташа 600 адамдай ғана. Енді соған байланысты паркке ақша түсімі азайып қалды. Бір жағынан айтып жатқаны дұрыс саналмаған. Балаларға айттым, бір күн маған беріңдер, мен санап беремін. Келіспегенді ары қарай заң жүзінде келістіруге болады», – деді.

Автопарк басшылығы тез арада жалақы мәселесін шешетінін айтып, жүргізушілермен бір мәмілеге келді. Содан кейін автобустар бағыттарына қайта оралды.

 

 
Тегтер: автобусБарлықжүргізушіҚалқаманҚаскелең
Алдыңғы жаңалық

Тойханалар қарапайым заттар шығаратын кәсіпорынға айналады

Келесі жаңалық

KazAID: өзіңде барды өзгеге бер

Ұқсас жаңалықтар

ел
Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды

Қаңтар 24, 2021
өрт
Жаңалықтар

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
аяз
Қазақстан

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
Елорда
Жаңалықтар

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды

Қаңтар 24, 15:20

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 14:49

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 14:23

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 14:01

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 13:57

Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды

Қаңтар 24, 13:36

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

Қаңтар 24, 13:13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ел

Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды

Қаңтар 24, 2021
өрт

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»