Жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес берілді.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС ауа райының нашарлауына байланысты республиканың автожолдарында қозғалыс тоқтатты», – кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында 1 қаңтарда сағат 02:00 – ден бастап қар, боран және нөлдік көрінуіне байланысты Республикалық маңызы бар Самара – Шымкент (773-853 км, Белогорка-Хромтау) автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Сондай – ақ, сағат 00:30 – дан бастап қар, боран және нөлдік көрінуіне байланысты Ақтөбе – Орск (45-75 км, Бадамша – Ақтөбе – Орск автожолына дейін), Ақтөбе – Болгар – Шұбарқұдық (17-191 км, Сазды – Ақтөбе-Астрахань автожолына дейін) облыстық маңызы бар Донское-Бадамша автожолының учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
1 қаңтар күні сағат 03: 00 – ден бастап Қостанай облысында нашар көрінуіне және боранға байланысты облыстық маңызы бар Қостанай – Веденка (5-97 км, Қостанай-Веденка) автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
ІІМ ТЖ комитеті азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, SMS-хабарлауды бақылауға кеңес береді.
Жолдардағы көрінудің нашарлауына және көктайғақтың болуына байланысты ережелерді сақтамау қайғылы салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Автокөлік иелеріне жылдамдық режимін сақтау, қозғалыс маршруттарын түзету немесе алыс сапарлардан мүлдем бас тарту ұсынылады.
Егер сіз төтенше жағдайда болсаңыз, "112"құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз