2 қаңтардағы ауа райы болжамы
2 қаңтардағы ауа райы болжамы
226
оқылды

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Ақтау, Қызылорда және Шымкентте ауа райы қолайсыз болады.

«2 қаңтар күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай мен ауаның ластануы күтіледі», – деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК.

 

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Ақтау, Қызылорда және Шымкентте ауа райы қолайсыз болады. Қалған қалаларда қолайлы ауа райы сақталмақ. Қолайсыз ауа райы атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жинақталуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығыі. ЖҒҚ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайдың болжамы болып табылады (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).