Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
5,188
оқылды

Жер сілкінісі Нұрсұлтан уақыты бойынша 07.51-де тіркелді.

«2 қаңтарда Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды», – деп хабарлайды ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ сейсмикалық стансалар желісі. Жер сілкінісі Нұрсұлтан уақыты бойынша 07.51-де тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 510 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл жер Қазақстан аумағына кіреді. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы-9,0; магнитудасы MPV-4,0; тереңдігі-25 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет жоқ. Бұған дейін Алматы облысындағы Алтын Емел ұлттық паркінің аумағында жер сілкінісі болды.