Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында жолдар жабылған
Теміртау-Нұр-сұлтан тас жолында ондаған жеңіл және жүк көліктері кептелісте тұрғаны туралы видео Instagram-дағы @ekaraganda.kz парақшасында пайда болды. Кадрларда Нұр-Сұлтанға қарай екі немесе үш қатарда тұрған ондаған машина көрінеді. Олардың арасында жолаушылар автобусы да бар. Бұл ретте Қарағандыға қарай жүретін қарама-қарсы бағытта қозғалысқа еш кедергі жоқ. «Жол таза, Осакаровкадан шығып жүріп келеміз. Боран жоқ, бірақ жабық. Неге екенін білмейміз. Онда емін-еркін жүре беруге болады», - деп хабарлайды кадр сыртындағы дауыс. Кейбір желі қолданушылары жазбаның астына кептелісте төрт сағат тұрғанын жазған. Сондай - ақ, адамдар Осакаровка маңында арнайы техника қар тазалап үлгермегендіктен кептеліс пайда болғанын айтады.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде кептеліс себебн түсіндірді. "Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының шекарасынан Нұр-Сұлтанға дейінгі жол учаскесі жабылды. Қазір жол ашық, көліктер аз-аздан өтіп жатыр", - деді ведомство өкілдері.