Ақылы учаскелерде автокөлікті патрульдік қызметтер алып жүреді.
Қозғалыс Нұр-сұлтан – Щучинск, Нұр-сұлтан – Теміртау ақылы учаскелерінде ашылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының жақсаруына байланысты мына тасжолдарда қозғалыс ашылды:
Өскемен-Риддер-РФ шекарасы 15-105 км, Белоусовка - Риддер учаскесі;
Өскемен – Шемонаиха-РФ шекарасы 105-123 км, Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы учаскесі;
Щучинск-Зеренді кенті 0-80 км, Щучинск учаскесі-Зеренді кенті;
Екатеринбург-Алматы 1291-1353 км, Нұр-сұлтан учаскесі-Қарағанды облысының шекарасы;
Екатеринбург-Алматы 1006-1247 км, Атбасар – Нұр-Султан учаскесі;
Астана-Қабанбай батыр – Киевка-Теміртау 42-51 км, Нұра ауылы – Қарағанды облысының шекарасы учаскесі, 51-102 км Ақмола облысының шекарасы – Теміртау.
"Республикалық маңызы бар жолдарда 616 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Павлодар – Нұр-сұлтан және Щучинск – Нұр-сұлтан жабық жолдары бойынша автокөліктерді алып жүру ұйымдастырылды", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Мына жолдардағы қозғалыс әлі де шектеулі:
Нұр-сұлтан-Ерейментау-Шідерті 16-200 км, Нұр-сұлтан учаскесі-Павлодар облысының шекарасы;
Қызылорда-Павлодар 1066 -1135 км, Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы учаскесі;
Қызылорда-Павлодар 1135 -1383 км, Қарағанды облысының шекарасы – Павлодар учаскесі.
Ұлттық компанияда трассаға тек қысқы резеңкемен, сондай-ақ колонна құрамында шығуға және негізсіз маневрлардан, күрт тежеулерден аулақ болуға, белгіленген жылдамдық пен жол қозғалысы ережелерін сақтауға кеңес береді.