Тоқаев Затобольсктің атын өзгертті
Тоқаев Затобольсктің атын өзгертті
5,233
оқылды

Сондай-ақ, кент аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды

Қостанай облысы Затобольск кентінің атауын Тобыл деп өзгертіп, аудандық маңызы бар қаламен жасады, деп хабарлайды Акорда. Мұндай Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобольск кентінің атауы Тобыл қаласы болып өзгертілсін. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген сайтта.