Бала кезінен мүгедектігі бар Абылай мектеп жасында үйден оқыса да, мектептен берілген компьютерді әжептәуір меңгеріп алған. Оның ендігі арманы – жаңа компьютерге қолы жеткізу. Сол арқылы ол білімін жетілдіріп, әлем жаңалықтарынан хабардар болып, кәсіп үйренуді, табыс табуды мақсат тұтып отыр.
Жақында осы арманның жетегінде облыстық мәслихат депутаты Ә.Семғалиевтің онлайн қабылдауына жазылып, жүрексіне отырып, өзінің өтінішін білдірген болатын. Бұрыннан да өңірге белгілі меценат, қайырымдылық шараларынан қалыс қалмаған, әлеуметтік қолдауға шын мұқтаж азаматтарға үнемі, бар мүмкіндігінше қол ұшын созып, қолдап жүретін «Nur Otan» партиясынан сайланған депутат Әлібек Аманжанұлы Абылайдың өтінішін аяқсыз қалдырмай, су жаңа толық кешенді компьютер құрылғысын сыйға тартты. Сонымен қатар оған компьютер арқылы түрлі электронды оқуларды, әлеуметтік желідегі бизнес түрлерін үйрететін мамандардан кеңес алып, онлайн тренингтер мен шеберлік сыныптарынан өтуге көмектесуге де ниетті екенін жеткізді.Әбілмансұр ЖАСАН