Қытай Қырғыз Республикасына коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін беретін болды
Қытай Қырғыз Республикасына коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін беретін болды
386
оқылды
Қытай үкіметі Қырғыз Республикасына  COVID-19-ға қарсы вакцина береді.  Бұл туралы ҚХР елшісі Ду Дэвэнь Бішкекте Қырғыз Республикасы СІМ басшысы Руслан Қазақбаевпен кездесуінде мәлім етті. Бұл туралы Аikyn.kz Синьхуаға сілтеме жасап хабарлайды. Ду Дэвэнь Қытай мен Қырғыз Республикасы  тату көрші әрі стратегиялық әріптес екенін атап өтті.
"COVID-19-бен күресте екі ел әрқашан бір-біріне көмек көрсетіп, қолдау білдіреді. Қырғыз еліне эпидемияға қарсы күресте одан әрі қолдау көрсету мақсатында Қытай тарапы Қырғыз Республикасына COVID-19-ға қарсы Қытай вакциналарын өтеусіз негізде беруге шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
Ал Р.Қазақбаев Үкімет атынан Қытай тарапына COVID-19-ға қарсы вакцина ұсыну ниеті үшін ризашылығын білдіріп, бұл екі ел арасындағы  бауырластықты, достықты дәлелдейтінін айтты.