Сингапурдағы ұлттық офтальмологиялық орталықтың қызметкеріне коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 5 дозасын салып жіберген.
Straits Times газетінің хабарлауынша, оқиға 14 қаңтарда болған. Вакцина салуға жауапты қызметкер дозаны дайындау кезінде кетіп қалған. Басқа қызметкер ампуладағы сұйылтылмаған дозаны «салынуға дайын тұр» деп қате түсінеді. Бұл олқылық бірнеше минут өткен соң анықталды, – деп жазады РИА Новости.
Белгілі болғандай, жағдайын бақылау үшін қызметкер ауруханаға жатқызылды, екі күннен кейін босатылды. Орталық қызметкердің денсаулығын бақылауды жалғастырып жатыр. Ол өзін жақсы сезінеді.
Сингапурде коронавирусқа қарсы вакцина салу 30 желтоқсанда басталды. Pfizer және BioNTech вакциналары алдымен медицина қызметкерлеріне салынды. Үкімет егер күтпеген жағдай болмаса, ел халқы 2021 жылдың соңына дейін вакцинациядан өтеді деп есептеп отыр.