«Қазгидромет» РМК 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Қазақстан территориясында атмосфералық ауа ағындардың өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысыңда қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі,
Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.