Моңғолия президенті зейнеткерлердің кредиттер бойынша борыштары кешірілетінін мәлімдеді
Моңғолия президенті зейнеткерлердің кредиттер бойынша борыштары кешірілетінін мәлімдеді
202
оқылды
Ол бұл туралы халықты Жаңа жылмен құттықтау ролигінде хабарлаған. Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга жаңажылдық бейнетүсірілімде елдің зейнет жасындағы барлық азаматтары үшін несие бойынша қарыздары кешірілетіні туралы мәлімдеді. Аталмыш сөз мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды. "Мен Монғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі барлық зейнеткерлердің қарыздарын өтеуге шешім қабылдағанын хабарлап тұрғаным үшін қуаныштымын", - деді ол. Моңғолияда қазіргі уақытта 380 мыңнан астам зейнеткердің жартысынан астамы несие алады Моңғолия президентінің мәлімдемесі келе жатқан 2020 жылғы парламенттік сайлау қарсаңында айтылды. Осыған байланысты кейбір моңғол экономистері мен саясаткерлері бұны популистік әрекет деп санайды. Сонымен, заңгер және еліміздің Әділет министрінің бұрынғы орынбасары Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің осындай мәселелерді шешуге өкілеттігі жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, несиелерді кешіру сияқты мәселелер Парламент өкілетінде. https://youtu.be/EUxL8hYjweo