Руслан Бекетаев 1975 жылы қазіргі Түркістан облысында туған.
Әр жылдары Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, Ұлттық банк, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құрылымдарында, сондай-ақ қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымды қызметтер атқарды.
2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін Қаржы вице-министрі болды.