Болат Бақауов: Облыста тіркелген 8 300 кәсіпорын жұмыс істемейді

Болат Бақауов: Облыста тіркелген 8 300 кәсіпорын жұмыс істемейді

Павлодар облысында бизнес-субъектілерінің 3 мыңы жұмысын мүлдем тоқтатқан. Nur Otan партиясының облыстық филиалында өткен қорытынды кеңес барысында сөйлеген облыс әкімі Болат Бақауов шағын және орта кәсіпкерлік саласында әлі де ауқымды жұмысты атқару керектігін қадап айтты. «Шағын және орта бизнес субъектілерінің көрсеткіштері артқанымен, облыста тіркелген кәсіпорындардың 8300-інің жұмыс істемейтіні анықталды. Олардың үш мыңы мүлдем жұмысын тоқтатқан. Қалғандары қызметін уақытша тоқтатса, кейбіреулері банкротқа ұшыраған», – деді Болат Бақауов. Облыс басшысы кәсіпкерлік басқармасына мәселені мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесе шешуді тапсырды. «Қызмет ететін кәсіпорындардың 40%-ы табыс таппайды, яғни нөлдік есеп тапсырады. Бұдан шығатын қорытынды – кәсіпкерлердің көбі көлеңкелі бизнеспен айналысады», – деді Болат Бақауов. Бұл тұрғыда әкім қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәжірибесін кеңейту қажетін атады.