Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен аяқтап, екінші сетте есеп 6:5 болды. Соңғы сетті Зарина матчты жеңіспен тамамдады. Есеп – 7:5. Осылайша, Зарина Дияс жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің жеңімпазы атанды.
Келесі кезекте – Қытайдағы Шэньчжэнь WTA жарысы. Зарина бұл сайыста да бақ сынамақ. Оның қарсыласы – рейтингте 396-орындағы қытайлық Йин-Йин Дуань болады.